«Цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа серпіліс» форумы аясында «Индустрия 4.0» панельдік сессиясы өтеді

 

5 ақпанда Алматы қаласында өтетін «Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» форумы аясында қазақстандық өнеркәсіпке "Индустрия 4.0" енгізудің өзекті мәселелері талқыланады.

 

Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруға баса назар аудара отырып, экономиканы технологиялық жаңғырту түйінді міндеттердің бірі болып табылады. Шараға қатысуға және өзекті мәселелерді талқылауға өнеркәсіптік кәсіпорындар, АТ-компаниялар, шетелдік әріптестер, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор шақырылады.

 

Сессияда келесі тақырыптар талқыланады:

 

- Жаңа мамандықтар атласы;

- Цифрландырудың озық тәжірибелері;

- Халықаралық ұйымдардың тәжірибесі;

- Жасанды интеллект пен сандық егіздерді қолдану;

- Цифрлық трансформацияның артықшылықтары мен кедергілері;

- Құзыреттілік орталықтарының рөлі.

 

Іс-шара барысында бірқатар қазақстандық және шетелдік компаниялардың басшылары кәсіпорындарда цифрлық технологияларды қолданудың табысты тәжірибесімен бөліседі.

 

Іс-шара бағдарламасы қосымша тіркелген.

Келесі сілтеме бойынша шараға тіркеле аласыз https://forum.mdai.gov.kz/

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty осымен төртінші жыл қатарынан өтіп келеді және жаһандық және өңірлік цифрлық күн тәртібін, сын-тегеуріндерді, цифрландыру саласындағы шешімдер мен саясатты қалыптастыру және талқылау үшін бүкіл әлемде негізгі алаңдардың бірі болып табылады.