QazIndustry Қазақстан өнеркәсібін дамыту аясында ЮНИДО-мен серіктестікті дамытуда

 

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі Ұйымы (ЮНИДО) мен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ арасында кездесу өтті.

Қазақстанда индустриялық саясатты іске асыру мәселелері, сондай-ақ ЮНИДО-ның өнеркәсіптік саясат, цифрландыру, технология және инновация саласындағы қызметі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша өнеркәсіптік саясатты, статистика мен әдіснаманы зерттеу мәселелері бойынша қосымша кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.