Еңбек өнімділігін арттыру: қаңтар айында QazIndustry 57,5 млн теңге сомасында кәсіпорын шығындарын өтеді

Шығындардың бір бөлігін өтеуге 2021 жылғы қаңтарда кәсіпорындардан барлығы 17 өтінім келіп түсті, оның ішінде 6 өтінім бойынша өтеу туралы оң шешім қабылданды. Өтеудің жалпы сомасы 57,5 млн. теңгені құрады.
Өңірлер бөлінісінде өтінімдер ең көп өтінім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарынан келіп түсті.
Салалық бөліністе негізінен АӨК, химия және мұнай-химия кәсіпорындары белсенділік танытты.
Шығындарды өтеу ережелерін түсіндіру мақсатында 2021 жылдың қаңтарында 25 кеңес, вебинарлар өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеуші сала кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.

Толығырақ" бизнесті қолдау " бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz