Кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтеуге 2021 жылғы қаңтар-ақпанда барлығы 60 өтінім келіп түсті, оның ішінде 12 өтінім бойынша өтеу туралы оң шешім қабылданды. Өтеудің жалпы сомасы 88,9 млн. теңгені құрады.
Өңірлер бөлінісінде ең көп өтінім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы облыстарынан келіп түсті.
Салалық бөліністе негізінен АӨК, химия және ағаш өңдеуші кәсіпорындар белсенділік танытты.
Шығындарды өтеу ережелерін түсіндіру мақсатында 2021 жылдың қаңтарында 60 кеңес, салалық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен 2 вебинар өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеуші сала кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Толығырақ ақпаратпен www.qazindustry.gov.kz сайтында «Бизнесті қолдау» бөлімінде танысуға болады.