Бүгін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясының басшысы Нұрлан Құдияров Нұр-Сұлтан қаласында Tungsram Group венгриялық электр техникалық компаниясының өкілдерімен өткен бизнес-кездесуге қатысты. Іс-шара Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті.
Келіссөздер барысында Нұрлан Құдияров арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардың инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары, преференциялар және арнайы аймақтарда қызмет жүргізу шарттары туралы айтып берді.
Өз кезегінде венгр тарапы жобаны «Павлодар» арнайы экономикалық аймағыннда іске асыруға деген іскерлік қызығушылығы мен ниетін білдірді. Атап айтқанда, компанияны көшені жарықтандыру корпустарын дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын алюминийге қол жеткізу мүмкіндіктері қызықтырды.
Бастапқы кезеңде венгриялық компания Казақстанда жарықдиодты көше жарығын шығаратын құрастыру цехын салуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта 5G ретрансляторлар жүйесін енгізу үшін негіз болатын көшені смарт жарықтандырудың ұлттық желісін жаңғырту бойынша өндірістік хаб құруды көздейді.
Бұдан басқа, компания Қазақстанда жылыжайларды жарықтандыру жүйесін енгізу бойынша агротехнологиялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қоса алады.
Осы жобаны іске асыру «ақылды қала» тұжырымдамасын қолдайтын қоғамдық жарықтандыру саласындағы заманауи және тұрақты шешімдерді енгізу есебінен электр энергиясын тұтынуды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Тараптар Қазақстан аумағында инвестициялық жобаны іске асыруда одан әрі ынтымақтастық пен жәрдем жүргізуге ниет білдірді.
Ақпарат үшін:
Tungsram Group-бұл жыл сайынғы кірісі 250 миллион доллар және 3500 қызметкері бар қыздыру шамдарын, радио түтіктерін және жартылай өткізгіш құрылғыларды өндіру саласындағы электр компаниясы. Соғыс аралық кезеңде Tungsram әлемдік қыздыру лампалары нарығының 5%-дан астамын және континенталды Еуропаның радио лампалары нарығының 12% - ын, 1970-1980 жылдары Батыс Еуропа қыздыру лампалары нарығының 6-8% - ын басқарды.
Бүгінгі таңда Tungsram өз өнімдерінің 95% - дан астамын шетелге экспорттайды және әйнек, керамика, металл және пластикке қатысты жетілдірілген мүмкіндіктері бар, заманауи сапа жүйелерімен, автоматтандырумен және ақылды зауыттармен толықтай тігінен интеграцияланған жеткізілім желісіне ие. Жеткізу тізбегі 500 жергілікті жеткізушілер мен серіктестерден тұратын Венгриядағы 5 зауыттың айналасында орналасқан.