«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Магнитогорск металлургия комбинаты» ЖАҚ-мен бірлесіп тегін вебинарлар сериясын өткізеді, оның барысында ММК өкілдері өндірістік ортаға цифрлық технологияларды енгізудің практикалық тәжірибесімен бөліседі.
Магнитогорск металлургия комбинаты «Индустрия 4.0» стратегиялық бастаманы іске асыруда. ММК тобының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі элементі цифрландыру болып табылады, ол ММК-нің барлық бизнес-процестерін қамтиды, еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттырады, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және күнделікті міндеттерден арылып, олардың қызметінің тиімділігін арттырады, сатып алушылардың үміттері мен уақыт талаптарын қанағаттандыруға көмектеседі.
Іс-шара 5 вебинардан тұрады және кестеге сәйкес ZOOM платформасында 2021 жылғы 8 сәуір мен 6 мамыр аралығында өтеді.
№ |
Тақырыбы |
Өткізілу күні |
Уақыты |
1 |
Магнитогорск металлургия комбинатының 2025 жылға дейінгі цифрландыру стратегиясы. Іске асырудың негізгі тәсілдері мен күтілетін нәтижелер. |
08.04.2021 |
15:00 |
2 |
RPA бағдарламалық роботтары-сандық көмекшілер. Технологияны қалай тиімді пайдалану керек. RPA технологтарын қолдану тәжірибесі. |
15.04.2021 |
15:00 |
3 |
Технологиялық қондырғыларды бақылау мәселелерін шешу үшін IIoT технологиясын қолдану тәжірибесі. Мысал ретінде: |
22.04.2021 |
15:00 |
4 |
АТАЧ электрондық құжат айналымы жүйесі. «Менің MMK» қызметкерінің мобильді қосымшасы. |
29.04.2021 |
15:00 |
5 |
Металлургия өндірісінің көмір және темір кені шикізатын әкелу мен тұтынуды оңтайландыру модельдері. |
06.05.2021 |
15:00 |
Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfmIuJpmgPhZc935XXE2ld64ohcOxrDPtFtYwHlou6sweyvvA/viewform?usp=sf_link