Кәсіпорын шығындарының бір бөлігін өтеуге 2021 жылғы қаңтар-наурызда барлығы 104 өтінім келіп түсті, оның ішінде 16 өтінім бойынша өтеу туралы оң шешім қабылданды. Өтеудің жалпы сомасы 92,4 млн. теңгені құрады.
Өңірлер бөлінісінде ең көп өтінім Нұр-Сұлтан қаласынан және Түркістан облысынан келіп түсті.
Салалық бөліністе негізінен машина жасау, АӨК және химия кәсіпорындары белсенділік танытты.
Шығындарды өтеу ережелерін түсіндіру мақсатында 2021 жылдың қаңтарында 80-нен астам кеңес, салалық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен 4 вебинар өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеуші сала кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Толығырақ ақпаратпен www.qazindustry.gov.kz сайтында «Бизнесті қолдау» бөлімінде танысуға болады.