2021 жылғы 9 сәуірде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов Қарағанды облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды.
Сапардың мақсаты облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының ағымдағы жағдайын одан әрі талдау үшін кездесулер өткізу, кәсіпорындардың проблемаларын шешу үшін цифрлық трансформация бойынша ұсынымдар пулын айқындау, өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізуді ынталандыру және қолдау шараларын қалыптастыру, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша өтінімді орындау болып табылады.
Кездесулер «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (Кабельдік-өткізгіш, телекоммуникациялық, энергетикалық, теміржол өнімдері), сондай - ақ «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кәсіпорындары – «Бемер Арматурен Қазақстан» ЖШС (шарлы ілмекті арматура өндірісі), «Kazakhstan Recycling Company» ЖШС (түсті металл алуға арналған ескі автомобильдерді кәдеге жарату зауыты), «Polymet Solutions Corporation» ЖШС (футеровкалардың резеңке, резинометалл жиынтықтарын өндіру) объектілерінде өтті.
Кездесу барысында Айдар Кәкімжанов мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, цифрландыруды енгізу мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ цифрлық даму кезеңдерінде цифрлық технологияларды ауқымды қамту және оларды сүйемелдеу үшін пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындардың бір бөлігін өтейді.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтынан білуге болады.