Экономика үшін маңызды екі салада – химия және фармацевтика салаларында өзгерістер болады. Фармацевтика саласы бойынша Жол картасы қабылданып, мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды. Жекелеген процестер, клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулер субсидияланатын болады. Химия өнеркәсібін де дамыту жоспарлануда, оны ынталандыру таяудағы бес жылға әзірленген Жол картасында жазылған. Жоспар бойынша елімізде мұнай-газ химиясы секторында жаңа кәсіпорындар пайда болуы тиіс.
Химия және фармацевтика саласының дамуы туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Өнеркәсіп» бағдарламасында Дина Жәнібекова, QazIndustry Салаларды дамыту дирекциясы басшысының орынбасары және Гүлжан Темірханова, QazIndustry Салаларды дамыту дирекциясының Бас сарапшысы айтып берді.