QazIndustry 2021 жылдың 4 айында 117,2 млн. теңге сомасына өнеркәсіп кәсіпорындарының 2021 шығындары өтеді
QazIndustry "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 117,2 млн теңге сомасына 27 өтінім бойынша қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе Шымкент қаласы мен Ақмола облысының кәсіпорындарынан көбірек өтінімдер мақұлданды. Салалық бөліністе қолдау көрсетілгендердің арасында машина жасау саласы мен АӨК өтінімдері басым.
QazIndustry консультацияларды онлайн форматта жалғастыруда. 2021 жылдың 4 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 105 кеңес және 6 вебинар өткізіліп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығындарын өтеу ережелері мен шарттары түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін.
Құралдармен толығырақ сайттағы "бизнесті ынталандыру" бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ