«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының өнеркәсіптік кәсіпорындарына баспасөз туры

2021 жылғы 18 маусымда сағат 09:00-де ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ БАҚ өкілдерін «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындарында өтетін баспасөз турына шақырады.

Баспасөз туры барысында «Astana Ютария ltd» ЖШС жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны мен «Спецпроектпрогресс» ЖШС құрылыс материалдарын өндіруші (сендвич-панельдер) жұмысымен танысу жоспарлануда.

Іс-шараның бағдарламасы қоса беріледі.

Журналистерді жинау 18 маусым күні сағат 09: 20-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржол бульвары, 14 мекен-жайы бойынша «Бәйтерек» монументінің тұрақ орнында жүргізіледі (туристік полиция маңайында).

«Астана – жаңа қала» АЭА-на автобуспен шығу сағат 09:20-да, «Астана – жаңа қала» АЭА аумағына келу сағат 10:00-де.

Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылған (өзіңізбен бірге маска болуы керек).

Аккредитация 17 маусым сағат 16:00- ге дейін қабылданады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ
Баспасөз қызметі
87013283898
Әйгерім Аханова

Астана АЭА алаңындағы кәсіпорындарға бару бағдарламалары
«Astana Ютария ltd» ЖШС және «Спецпроектпрогресс» ЖШС»

Пресс-тур

2021 жылғы 18 маусым
Нұр-Сұлтан, 101-көше, 12 ғимарат


Уақыт

Атауы

1

09:00-09:20

Журналистерді «Бәйтерек» монументінің тұрағына жинау және жолға шығу

2

10:00

Журналистердің «Астана – жаңа қала» АЭА аумағына келуі

3

10:10-11:00

«Спецпроектпрогресс» ЖШС қызметімен танысу

4

11:00-11:20

«Спецпроектпрогресс» ЖШС басшылығымен сұхбат,
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басшылығымен сұхбат

5

11:30-12:20

«ASTANA Ютария ltd» ЖШС өндірістік қызметімен танысу

6

12:30-12:50

«ASTANA Ютария ltd» ЖШС басшылығымен сұхбат, «Астана – жаңа қала» АЭА басшылығымен сұхбат

7

13:00

Түскі ас

8

13:30

«Астана – жаңа қала» АЭА-дан шығу