2020 жылдың қорытындысы бойынша индустриялық саясатты іске асырудың 10 жылында алғаш рет өңдеуші өнеркәсіптің жалпы қосылған құны (13,1%) тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштерінен (12,5%) асып түсті.
Өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі драйверлерінің бірі машина жасау болды. Пандемия кезеңінде өндірістегі өсім 16,3% - ды құрады. Негізгі өсімге автомобиль жасау секторы есебінен қол жеткізілді.
Жеңіл өнеркәсіпте 2020 жылы өндірістің айтарлықтай өсуі байқалады (НКИ 107,4%). Мақта-мата өндірісі 37% - ға 22,4 млн шаршы метрге дейін, синтетикалық мата өндірісі 46% - ға 48,0 млн шаршы метрден 88,7 млн шаршы метрге дейін, былғары аяқ киім өндірісі 17% - ға 1,0 млн жұпқа дейін өсті.
Ел экономикасы үшін өңдеуші саланың рөлі қандай, негізгі сектор не болып тұр, осы және басқа да сұрақтарға саланың сарапшылары, сондай-ақ Хабар24 телеарнасындағы «Өнеркәсіп» бағдарламасында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Салалық даму дирекциясының басшысы Әсет Адахаев жауап берді.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ