ҚР-да поршеньді қозғалтқыштарды іске қосуға арналған қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісі 2021 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге немесе 111,4% - ға (597 025 данадан 1 262 216 данаға дейін) өсті.
Өсімге экспорттық нарықтарға белсенді шығу ықпал етті: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Италия.
Саладағы негізгі өндіруші «Қайнар-АКБ» ЖШС болып табылады.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ