Еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 237,1 млн теңге сомасына 48 өтінім бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе негізінен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстарының кәсіпорындарынан өтінімдер мақұлданды.
Салалық бөліністе қолдау тапқандардың арасында машина жасау саласы, агроөнеркәсіптік кешен және жеңіл өнеркәсіптегі өтінімдер басым.
QazIndustry кәсіпорындар үшін консультацияларды онлайн форматта жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 7 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 185 кеңес және 9 вебинар өткізілді.
Сонымен қатар, QazIndustry консультанттары СҚО өңірлеріндегі 4 өнеркәсіптік кәсіпорында («Молпродукт» ЖШС, «РАДУГА» ЖШС, «SMB Group family» ЖШС және «Северный фанерный комбинат» ЖШС) кездесулер өткізді, онда шығындарды өтеу қағидалары мен шарттары түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Мәселен, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін.
Құралдармен толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтында «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады.