Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 2021 жылғы жарты жылда 383,7 млрд теңгені құрады, бұл, номиналды көріністе 2020 жылғы осы кезеңнен 43,3% (267,8 млрд тг) жоғары. Өнімнің физикалық көлемінің индексі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 119,5% құрады.
Заттай көріністе өсу төмендегі тауарлар бойынша байқалады: отқа төзімді бұйымдар (+96,9%); керамикалық отқа төзімді емес кірпіштер (+2,3 есе); портландцемент (+24,7); қожмақта, минералды силикатты мақта және осыған ұқсас минералды мақта (+65,6%); құрылыс ерітінділері (+26,3%); тауарлы бетон (+4,8 %); құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар (+10,2%); бетоннан жасалған құрылыс құрастырылымдары (+7%) және т.б.
Заттай көріністе тауарлар өндірісі көлемінің төмендеуін: керамикалық өңдегіш кірпіштер (-12,9%), тақтайлар, цемент пен бетоннан жасалған тақтайлар және осыған ұқсас бұйымдар (-8,1%) көрсетті.
Құрылыс материалдары өнімінің экспорты 2021 жылғы қаңтар-мамырда 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33% өсті және $85,6 млн құрады. Заттай көріністе экспорт көлемі 921 мың тоннаны құрап,
27% өсті, өткен жылы осы кезеңде 725 мың тонна деңгейінде болды. Негізгі экспорттаушы елдер: Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан.
Отандық нарыққа құрылыс материалдарының импорты 2021 жылғы қаңтар-мамырда 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 20% өсуді көрсетіп, $471,7 млн құрады,
Заттай көріністе тауарлар көлемі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 40% (1 027 мың тонна) өсіп, 1 446 мың тоннаны құрады.
Негізгі импорттаушы елдер: Ресей, Қытай және Түркия.
2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығының көлемі $1 200 млн құрады, ОТӨ үлесі 68%, импорт өнімі үлесі – 34%.
Қаралып отырған кезеңде құндық көріністе ең жоғары өндіріс көлемін Нұр-Сұлтан (жалпы өндіріс көлемінде 13% өңір үлесімен ) және Шымкент қ. (12%), сондай-ақ, Шығыс Қазақстан (12%) және Алматы облыстары (11%) құрады.