Алғаш рет 2021 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өңірдегі басты индустриялық алаң – Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі міндеті – Республиканың индустриялық-инновациялық кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ Мемлекет, кәсіби және бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Іс-шара басты салалық көрмелерді біріктіреді:
* «Kazakhstan Machinery Fair» машина жасау және металл өңдеу бойынша мамандандырылған көрме;
* «ChemTechKazakhstan» химия өнеркәсібі бойынша Көрме және конференция;
* «Su Arnasy – Water Expo» су индустриясының көрмесі және конференциясы;
* «WoodTechExpо» Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің мамандандырылған көрмесі;
* «StroyMachExpo» отандық құрылыс материалдары мен технологияларының мамандандырылған көрмесі;
* «Mining Expo» тау-кен металлургиялық кешені бойынша мамандандырылған көрмесі;
* Жеңіл өнеркәсіп бойынша мамандандырылған «Тextile Expo» көрмесі.
Көрмелерге Қазақстан мен Ресей өңірлерінің ұжымдық экспозицияларын қоса алғанда, өнеркәсіптің түрлі салаларынан 250-ден астам компания қатысады. Қатысушылар өнеркәсіпке арналған жаңа жабдықтар мен технологияларды, дайын отандық өнімді, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынады.
Іскерлік бағдарлама шеңберінде компания басшыларының – жетекші өнеркәсіптік ойыншылардың, халықаралық салалық қауымдастықтардың және бейінді мемлекеттік институттардың қатысуымен панельдік пікірсайыстар мен салалық конференцияларды қоса алғанда, 30-дан астам іс-шара жоспарлануда. Пікірталас тақырыптары – өңдеу секторын дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары, жаһандық трендтер мен халықаралық кооперация және т.б.
Іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы қазақстандық және шетелдік жетекші машина жасау кәсіпорындарының мыңнан астам басшылары, орталық мемлекеттік органдардың, даму институттарының, бизнес қауымдастықтардың және машина жасау өнімдерін ірі тұтынушылардың өкілдері үшін басты диалог алаңы – Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы болады.
Форум аясында ҚР Үкіметі басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, панельдік пікірталастар, секциялық отырыстар мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.
Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар Одағы.
Іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып және халықаралық қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес өткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін жоба менеджері: Айтмұрат Ақжүніске +77172 64 23 23 (вн.206) телефоны және электрондық пошта kmfastana@yandex.ru арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Сайт – www.promweek.kz
2021 жылғы 22-24 қыркүйек,
Нұр-Cұлтан Қ., Қазақстан Республикасы,
Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1,
«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы.