QazIndustry қызметкерлері «Ауылым кітап» республикалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Жамбыл облысы ауыл мектептерінің кітапхана қорына одан әрі жолдау үшін ҚР ИИДМ-ге 50-ден астам кітап пен журнал тапсырды.
Олардың қатарында-отандық және әлемдік классика, заманауи балалар мен жастар әдебиеті бар.
Акция ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Сатып алынған қазақ, орыс тілдеріндегі қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары мен жастардың мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыруға септігін тигізбек.