Еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 245,9 млн.теңге сомасына 52 өтінім мақұлданды.
Өңірлік бөліністе Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарынан көбірек өтінімдер мақұлданды.
Салалық бөліністе қолдау көрсетілген жобалар арасында машина жасау саласының, агроөнеркәсіптік кешен мен жеңіл өнеркәсіптің өтінімдері басым.
QazIndustry ақпараттық-кеңес беру іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 8 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 207 кеңес пен 9 вебинар өткізілді.
Сонымен қатар, QazIndustry консультанттары СҚО өңірлеріндегі 4 өнеркәсіптік кәсіпорында («Молпродукт» ЖШС, «РАДУГА» ЖШС, «SMB Group family» ЖШС және «Северный фанерный комбинат» ЖШС) кездесулер өткізді, онда шығындарды өтеу қағидалары мен шарттары түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеуші сала кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді. Атап айтқанда, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% - на дейін. Құралдармен толығырақ сайттағы "бизнесті ынталандыру" бөлімінде танысуға болады www.qazindustry.gov.kz.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ