QazIndustry: жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы – отандық өнеркәсіпті дамытудың тиімді құралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асыратын Жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы отандық өнеркәсіпті қолдаудағы тиімді құрал ретінде көрсетті.  Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен келісімшарттар жасасу үшін әлеуетті арттыруға және халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды 70% - ға дейін өтеуге мүмкіндік берді. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Берік Бекеновтың айтуынша, бірінші кезеңде 200 кәсіпорын іріктеліп, әр компания үшін жеке даму жоспарлары әзірленді. Жұмыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың 82%-ы өздерінің бизнес-процестерін жақсартты.
Әрбір кәсіпорын ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеу процестері шеңберінде жеке сүйемелденді, олар үшін маркетинг, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны арттыру бойынша тренингтер өткізілді.
Бүгінгі таңда 43 кәсіпорын шетелдік кәсіпорындармен қатар КПО, ТШО, НКОК, АрселорМиттал Теміртау, Қазмырыш, Қазақмыс, Қазминералс және т. б. тапсырыс берушілердің дерекқорларында аккредиттелген өнім берушілер мәртебесін алды.
Мысалы, Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы аясында полиэтилен және полипропилен құбырларының өндірушісі «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясына» американдық мұнай және газ институтының халықаралық қайта сертификаттауын алу бойынша шығындар өтелді. Бұл компанияға өндірісті одан әрі кеңейтуге және ірі клиенттерден тапсырыс алуға мүмкіндік берді.
QazIndustry басшысы Берік Бекенов атап өткендей, Жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасын іске асырудағы оң нәтижені ескере отырып, QazIndustry бұл жобаны одан әрі масштабтауды жоспарлап отыр.

 

 

Баспасөз қызметі
«QazIndustry»
Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ
Тел.: +7 7172 79 33 99 (110/1040)