QazIndustry өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарын 250 млн теңгеден астам сомаға өтеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2021 жылдың 8 айында 56 өтінім бойынша жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорындардың шығындарын өтеді. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Жобалардың ең көп саны Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының кәсіпорындарына өтелді. Салалар бойынша агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп жобалары көш бастап тұр.
Мәселен, таза теміржол осьтері мен доңғалақ жұптарын өндіретін машина жасау кәсіпорны жаңа жабдықтың шеф-монтажын және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл жылына 22 000 дөңгелек жұбын өндіру үшін буксалық торапты құрастыру учаскесінің өнімділігін 10% арттыруға және қаржылық шығындарды жоюға мүмкіндік берді.
«Zibroo» брендімен тау шаңғысы және балалар киімдерін шығаратын тігін кәсіпорны басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізді, бұл қоймадағы шикізатты есепке алу жүйесін жетілдіруге, фабрика қызметкерлерінің коммуникациясын жақсартуға, шикізатты жоспарлы сатып алуды реттеуге, өндірістік процестердің тиімділігін 20% - ға арттыруға, шығарылатын өнімнің ассортиментін арттыруға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары отандық бизнеске шетелдік мамандарды тартуға, өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, шеф-монтаж жасауға, жабдықты іске қосуға, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге, аудит жүргізуге, өнімді сертификаттауға және т.б. мүмкіндік береді. Кәсіпорындарға жұмсалған шығындардың 40% - на дейін өтеледі. Өтінімдер сайтта жыл бойы қабылданады www.qazindustry.gov.kz.
Сонымен қатар, QazIndustry отандық өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізуде. Бір сөзбен айтқанда, осы жұмыс аясында кәсіпорындардың негізгі проблемалары, соның ішінде процестер, технологиялар мен жабдықтар бойынша талдау жүргізіледі, содан кейін цифрлық стратегиялар әзірленеді.
Мысалы, «Mimiorikі» ЖШС, «TEXTI MARKET» ЖШС, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «AGARGAN» ЖШС тәрізді төрт кәсіпорын үшін өндірістік бизнес-процестердің карталары әзірленді, бұл кәсіпорындардың уақыт және еңбек ресурстарын оңтайландыруға және қысқартуға мүмкіндік берді.
QazIndustry басшысы Берік Бекенов атап өткендей, кәсіпорындарды цифрлық шешімдерді енгізуге ынталандыру көзделген шаралар арқылы, оның ішінде өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасы (өнеркәсіптік грант, таңбалау, сертификаттау және т.б.) шеңберінде көзделген жаңа шешімдерді енгізу жолымен жоспарланып отыр. QazIndustry отандық кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға бағытталған өз бағдарламаларын іске асыруды одан әрі жалғастыруға ниетті.

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және
экспорт орталығы» АҚ
Баспасөз қызметі
Тел.: +7 7172 79 33 99 (110/1040)