Bloomberg нұсқасы бойынша төртінші тоқсан екі себепке байланысты өнеркәсіптік металдар үшін жағдай мәз емес — біріншіден, доллар нығайып, екіншіден, ҚХР экономикасы баяулау үстінде. Қазір котировкалардың бір бөлігі тұрақтала бастады, ал кейбір металл бойынша бағаның төмендеуі жүріп жатыр. Ресей Федерациясында алтынға қауіп төніп тұр — онда үкімет 10-20 жылдан кейін Ресейдегі алтын қорының таусылу қаупі бары туралы ескертті. Қазақстанда әзірге мұндай болжамдар жоқ және біз керісінше өндірісті ұлғайтып жатырмыз. Алтын мен күмістің бағасы қор нарықтарының құбылмалылығының жоғарылауы аясында өсуде.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ