ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Росгеология» АҚ делегациясы қазақстандық кәсіпорындардың құзыреттерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шараға «QazIndustry» АҚ өнеркәсіптік кооперация орталығының, «Росгеология» АҚ коммерциялық жұмыс департаменті мен халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері, сондай-ақ Төменгі-Еділ ғылыми-зерттеу институтының басқарушы директоры және «Зарубежгеология» АҚ бас геологы қатысты.
Кездесудің мақсаты – компаниялардың ынтымақтастық мүмкіндіктері, сондай-ақ құрлықта, теңізде транзитте 2D/3D сейсмикалық барлау жұмыстары тақырыбы бойынша отандық кәсіпорындар үшін семинарлар сериясын өткізу, «Росгеология» АҚ авторлық әдістемесі бойынша «ескі» кен орындарында қалып қойған кен орындарын іздеу және басқа да жұмыс түрлері.
Кездесу барысында «НВНИИГГ» АҚ Басқарушы директоры Олег Меркулов кеңеске қатысушыларды «Росгеология» АҚ-ның негізгі қызметімен таныстырып, компанияның Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесімен бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылығын атап өтті.
Өз кезегінде, өнеркәсіптік кооперация орталығының директоры Қален Бауыржан «Росгеология» АҚ-мен кооперациялық байланыстардың жолға қойылуын және жергілікті кәсіпорындардың халықаралық нарыққа шығуын «QazIndustry» АҚ-ның негізгі мақсаттарының бірі деп атап өтті.
Кеңесті қорытындылай келе, компаниялар жергілікті геологиялық барлау кәсіпорындарын дамытуға деген ортақ тілегін атап өтті және осы бағыттағы одан әрі іс-қимылдарды белгіледі. Осылайша, «Росгеология» АҚ мен «QazIndustry» АҚ қысқа мерзімді перспективада геологиялық барлау саласындағы мамандар үшін бірқатар тренингтерді іске қосады.
Анықтама: «Росгеология» акционерлік қоғамы – геологиялық барлаумен байланысты қызметтердің толық спектрін жүзеге асыратын көп салалы холдинг: аймақтық зерттеулерден бастап параметрлік бұрғылауға және жер қойнауының жай-күйін бақылауға дейін. Холдинг кәсіпорындары 1000 – нан астам кен орындарын ашты, олардың ішінде көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбалардың ірі кен орындары бар.
Холдинг Ресей Федерациясының минералдық-шикізат базасын молайту жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік тапсырыстың негізгі орындаушысы болып табылады (қоғам капиталының 100% - ы мемлекет меншігінде болады).
Росгео үшін перспективалы бағыт-бұлтты технологиялар негізінде геологиялық деректердің барлық түрлерін жинау, сақтау және бастапқы талдау үшін заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін «Геология 4.0» цифрлық геоэкожүйені құру.