Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісінің интеграциялық компонентін әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер көрсетуге байқау жарияланды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 2 шешіміне сәйкес Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісін (Еуразиялық желі) құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды.
Еуразиялық желі мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне неғұрлым тиімді әріптестерді жедел іріктеу, шағын және орта кәсіпорындарды ірі өндірушілердің өндірістік тізбектеріне тарту, технологиялар трансфері арқылы инновациялық процестерді ынталандыру тетіктерін беретін цифрлық экожүйе құруды көздейді.
Еуразиялық желі жобасын іске асыру мақсатында ЕАЭО елдерінің ұлттық операторларымен Беларусь Республикасының юрисдикциясындағы Халықаралық Еуразиялық индустриялық қор (ХЕИҚ) нысанындағы желі операторы құрылды.
2021 жылғы 6 қыркүйектегі ХЕИҚ Басқармасы отырысының хаттамасына сәйкес Еуразиялық желінің интеграциялық компонентін әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер көрсетуге байқау жарияланды. Интеграциялық компонент Еуразиялық желінің «өзегі» модулі болып табылады және өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері мақсатында Еуразиялық желі қатысушыларының ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған.
Байқауға қатысуға өтінім беру хабарлама және оған қосымшалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Жоспарланып отырған шарт жасасу туралы хабарлама.
2. Қосымша 1. Өтінім беру формасының үлгілері.
3. Қосымша 2. Шарт Жобасы.
4. Қосымша 3. Бекітілген техникалық тапсырма.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады. Өтінімді алу туралы растау сұрауымен төмендегі барлық электрондық пошта мекенжайларына жіберу қажет: vraspop@mail.ru; kuchuk@belarp.by; K.Joldybaev@qazindustry.gov.kz; d.ismaev@trade.kg; ivlev@frprf.ru; alina.yeghiazaryan@isc.am.