Мыстың баға белгілеулері тапшылыққа байланысты тоннасына $10 000 дейін өсуде, алайда Қытай тарапынан темір кені мен мыстың импорты қысқару үстінде және бұл алдағы уақытта бағаларға қысым жасайтын болады. Сондай-ақ, алюминийге деген жоғары сұраныс сақталуда – жыл басынан бері алюминий 61% - ға қымбаттады және бұл әлі қымбаттаудың шарықтау шегі емес. Мыс тәрізді, алдағы уақытта Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі алюминий бағасына әсер етеді, бірақ бұл әзірше айтарлықтай сезіліп отырған жоқ. Қазақстан өз кезегінде алюминий мен мыс өндірісін ұлғайтуда, бұл экспорт аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ