Еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 265,8 млн теңге сомасына 60 өндірушіге қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарының, сондай–ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының кәсіпорындарынан көптеген өтінімдер мақұлданды.
Салалық бөліністе қолдау тапқандардың арасында агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау саласы мен жеңіл өнеркәсіптің өтінімдері басым.
Сонымен қатар, QazIndustry консультацияларды онлайн форматта жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 9 айында салалық қауымдастықтар мен жергілікті атқарушы органдар үшін 241 кеңес және 9 вебинар өткізілді, онда өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығындарын өтеу ережелері мен шарттары түсіндірілді.
Естеріңізге сала кетейік, «QazIndustry» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша индустрияландыру бағдарламасы аясында еңбек өнімділігін арттыруға байланысты өңдеу саласы кәсіпорындары шығындарының бір бөлігін өтейді.
Осылайша, кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдірумен және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттырумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге, сараптауға жұмсалған шығындардың 40% дейін.
Құралдармен толығырақ www.qazindustry.gov.kz сайтындағы «Бизнесті ынталандыру» бөлімінде танысуға болады.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ