Бүгін Digital Bridge 2021 форумы барысында қазақстандық кәсіпорындарды цифрлық трансформациялауда қолдау шаралары және отандық IT-компанияларды осы жұмыстарға жұмылдыру мүмкіндіктері бойынша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов айтып берді.
«Біз Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізудің негізгі факторларының бірі болуға тиіс екенін түсінеміз. Бұл-автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды деректермен» алмасу және т.б.», - деп атап өтті Айдар Кәкімжанов.
QazIndustry өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша практикалық көмек көрсетеді, атап айтқанда кәсіпорындардың жүйелік проблемаларын шешуді әзірлей отырып, басым салалардың дамуына талдау жүргізеді, ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттіліктерін анықтайды, отандық өнеркәсіпке атаулы қолдау көрсетеді, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясына жәрдемдеседі.
QazIndustry ұсынатын мемлекеттік ынталандыру шараларын бизнестің барлық санаттары ала алады – Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторларындағы шағын, орта және ірі.
Сөз соңында Айдар Кәкімжанов QazIndustry міндеті өндірушілерді қолдау ғана емес, қаржылық және одан әрі стратегиялық дамуда толыққанды пайдалы серіктес болу екенін атап өтті. Бұл бағытта QazIndustry отандық IT компаниялармен ынтымақтастыққа дайын екендігін ерекше атап өтті.
27-29 қазан аралығында Қазақстан астанасында Digital Bridge 2021 халықаралық технологиялық форумы өтуде. Қатысушылар цифрлық саланың перспективалары мен жетістіктерін талқылады, жаңа жобаларды таныстырады, ал жас IT-мамандар өздерінің стартаптарын инвесторларға көрсетті.
Форум алаңында Қазақстанның цифрлық экожүйесінің қатысушылары мен шетелдік сарапшылар елді цифрландыру нәтижелерін талқылады, цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша жаңа идеялар мен бастамалар ұсынылды.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ