2021 жылғы 29 қазанда QazIndustry ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында диалогты ұйымдастыру және жәрдемдесу мақсатында Атырау облысының бірқатар кәсіпорындарына («Sigma Solutions» ЖШС, «Ультрастаб» ЖШС, «Intex Steel» ЖШС, «Best Module» ЖШС) сапар ұйымдастырды.
Сондай-ақ, кездесулерге ТШО, КПО, НКОК ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Sigma Solutions» ЖШС – мұнай-газ саласына арналған жарылыстан қорғалған жабдықты құрастыру және жобалау бойынша кәсіпорын.
«Ультрастаб» ЖШС – «Трансжол» ЖШС және «Ультрастаб» ЖШҚ (РФ) бірлескен кәсіпорны матадан полиприленді және полиэфирлі тоқыма өндіреді.
«Inteх Steel» ЖШС – өнімділігі жоғары металл құрылымдарын дайындау бойынша компания, 2015 жылы құрылған, қосымша жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша қызметтерді ұсынады.
«Best Module» ЖШС – блок-контейнерлер мен модульдік ғимараттар, ангарлар мен металл құрылымдар өндіреді.
Жалпы, өткізілген іс-шара ТШО, КПО, НКОК өкілдерінің отандық өндірушілер туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік берді, өндірушілерден өнім өндіру процестері, өндірістік базаның болуы туралы толық ақпарат алынды.
Кәсіпорындар тапсырыс берушілермен кері байланыс орнатып, жеткізушілерді дамыту бағдарламалары және QazIndustry, сондай-ақ ТШО, КПО, НКОК ұсынатын басқа да қолдау құралдары туралы ақпарат алды.
ТШО, КПО, НКОК өкілдері өндірістік тур ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, аталмыш іс-шараларды тұрақты өткізіп тұруды ұсынды.