QazIndustry «Қамқор Вагон» ЖШС шығындарын өтеп берді
«Қамқор Вагон» ЖШС – Қазақстандағы бір жарым мыңға жуық адам жұмыс істейтін ірі вагон жөндеу кәсіпорны.
Компания жүк вагондарын деполық, күрделі жөндеу, жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарта отырып күрделі жөндеу, жүк вагондарын ағытып жөндеу, жүк және жолаушылар вагондарының элементтерін ауыстыра отырып, доңғалақ жұптарын жөндеу, доңғалақ жұптарын учаскелік жөндеу, жүк және жолаушылар вагондарының тораптары мен бөлшектерін жөндеу, темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу бойынша қызметтерді жүзеге асырады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы темір жолдарының барлық желісі бойынша орналасқан 7 филиалдан тұрады.
Жыл сайын компания 15 мыңнан астам жүк вагондарын және 25 мың доңғалақ жұптарын жөндеуді жүзеге асырады.
«Қамқор Вагон» ЖШС еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті қарқынды және инновациялық дамыту, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бойынша стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Бұл бағытта «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорынның бастамаларына қолдау көрсетіп, еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорындардың құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға байланысты шығындарын өтеді.
Алынған қаражатты «Қамқор Вагон» ЖШС еңбек өнімділігін одан әрі дамыту және арттыру мақсатында негізгі өндірістік активтерді жаңғыртуға және жаңартуға бағыттады.