2021 жылғы тоғыз айда барлық фармацевтикалық өнім түрлері бойынша заттай көріністе өсу байқалады: гормондардан тұратын дәрілер (+70,4%-дан 169,4 тоннаға дейін), антибиотиктерден тұратын дәрілер (+8,2%-дан 1 444 тоннаға дейін), алколоидтерден тұратын дәрілер (+5%-дан 27,3 мың тоннаға дейін), таңу материалдары (+2 есе 165 тоннаға дейін). 2020 жылы қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер 141,9 млрд теңгенің өнімін шығарды. Нақты өсуді көрсететін өнеркәсіп өндірісінің индексі 147,3% құрады. Ал, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 160,4 млрд теңгеге, ФКИ-138,1% жетті, - деп хабарлайды «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Шығарылатын өнім көлемінің өсуі коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде фармацевтикалық өнімге жоғары қажеттілікті қамтамасыз ету есебінен болып отырғандығын атап өткен жөн. «Алколоидтерден тұратын дәрілер» тауар тобында дәрумендерден және продәрумендерден тұратын дәрілер өндірісі 70%, таза және аралас өнімдерден тұратын дәрілер өндірісі 13%, жүрекке арналған дәрілер өндірісі 3% өсті.
QazIndustry ақпараты бойынша фармацевтика өнеркәсібі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларына жатады, онда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының сыйымдылығы үнемі өсіп келеді, сондай-ақ, фармацевтикалық өнімнің ассортименті кеңеюде.
2021 жылы Қарағанды облысының фармацевтика өнеркәсібі алғаш рет өңірлер арасында көшбасшы болып, коронавирусқа қарсы вакцина (Спутник V), қант диабетін емдеуге арналған препараттар, инфаркт пен инсультті емдеуге арналған препараттар, сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар сияқты жаңа өндірістерді іске қосу есебінен
2021 жылғы тоғыз айда 73,9 млрд теңге деңгейіне жетті.
2020 жылы қазақстандық фармацевтика нарығының көлемі $1,8 млрд құрады, оның 15,5% отандық өнімге тиесілі. 2021 жылғы сегіз айда фармацевтикалық нарықтың сыйымдылығы $1,4 млрд. жетті, ал, ОТӨ үлесі 21,1% дейін өсті.
Фармацевтикалық нарық құрылымына жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, бүгінде Қазақстанның өнім портфелі негізінен дженериктік препараттармен (аналогтар) ұсынылған. Қазіргі уақытта қазақстандық препараттардың негізгі үлесі (70%) дженериктік препараттарды өндіретін компаниялармен ұсынылған: «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» АҚ, «Келун Қазфарм» ЖШС, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС.
Сондай-ақ, өсімдік шикізаты негізінде бірқатар бірегей препараттар («Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС, «Фитохимия ҒӨО» ЖШС, «Фитолеум» ЖШС, «Қызылмай» ӨК және т.б.) әзірленіп, өндіріске енгізілді.
Қазақстанның фармацевтикалық нарығы әртүрлі өнімдерге толы. Мемлекеттік тізілімге сәйкес елімізде дәрілік заттардың 7 449 атауы тіркелген, оның ішінде, ОТӨ – 978 атау (13,1%), медициналық бұйымдардың 9 686 атауы, оның ішінде ОТӨ – 1 054 атау (10,9%).
1-кестеде терапевтік бағыттар бойынша отандық препараттар көрсетілген. Тіркелген препараттардың ең көп саны жүйелі қолдануға арналған микробқа қарсы препараттарға (125), тыныс алу жүйесін емдеуге арналған препараттарға (123), жүйке жүйесін емдеуге арналған препараттарға (108), дерматологияда қолданылатын препараттарға (99) тиесілі екенін атап өткен жөн.
Препараттардың ең аз саны жүйелі қолдануға арналған гормондар (6) және антипаразиттік препараттар, инсектицидтер мен репелленттер (6) сияқты бағыттар бойынша өндіріледі.
Отандық өндірушілер қолданыстағы және өсіп келе жатқан сұранысты одан әрі қанағаттандыру үшін аурулар құрылымындағы дамып келе жатқан тенденцияларға назар аударуы керек. Мәселен, елімізде онкологиялық ауруларды, қант диабетін, қан ауруларын, тыныс алу органдарының ауруларын, несеп-жыныс жүйесінің ауруларын, ас қорыту органдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ, адамдарға арналған вакциналар, қабынуға қарсы препараттар және ыстықты түсіретін препараттар барынша сұранысқа ие.
2021 жылы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қуаттарды ұлғайту және саланың одан әрі дамуына оң әсер етуі мүмкін бірқатар инвестициялық жобаларды («Химфарм» АҚ жаңғырту, «Dolce» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС жаңа цехтарын іске қосу және т.б.) іске қосу жоспарлануда.