2021 жылы өңірлер Индустрияландыру картасы бойынша 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1 235,5 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
128 жобаның 111-і өңдеу өнеркәсібінде және 17-сі басқа салаларда іске асырылады.
Жобалардың ең көп саны келесі салаларда байқалады:
Тамақ өнеркәсібі: 3,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 88,4 млрд. теңгеге 38 жоба;
Құрылыс индустриясы: 1,3 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 57 млрд. теңгеге 17 жоба;
Металлургия: 2,9 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен жалпы сомасы 672,3 млрд. теңгеге 16 жоба;
Машина жасау: 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 79,6 млрд.теңгеге 15 жоба.
Сондай-ақ, жобалар жеңіл және химия өнеркәсібінде, ағаш өңдеу, мұнай өңдеу және фармацевтика салаларында іске қосылады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарланып отыр.
Индустрияландыру картасы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 295,6 млрд.теңгеге 28 жоба пайдалануға берілді, 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ