Теміржол көлігіне арналған тұтас таптамалы дөңгелектер шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт «Проммашкомплект» ЖШС өндірістік қуатын жылына 300 000 дөңгелекке дейін арттырды.
Зауыт 2012 жылы салынған және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландырудың республикалық Картасына енгізілген. Зауыттың бастапқы жобалық қуаты жылына 200 000 дөңгелекті құрады.
Кәсіпорында әртүрлі құрылымдағы темір жол дөңгелектерінен басқа темір жол көлігіне арналған бағыттамалы кешендер мен басқа да жиынтықтауыштар өндірісі жолға қойылған.
Өнімді өткізу нарығы Қазақстанды ғана емес, ЕАЭО елдерін де қамтиды.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ