Жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе артты және 2,0 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына 17 өңірдің 10 шаруашылық жүргізуші субъектілері инвестиция салған. Бұл ретте, инвестициялардың ең көп көлемін Алматы (902,6 млн.теңге немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 45,1%) және Шымкент (330,6 млн. теңге немесе 16,5%) қалаларының, сондай-ақ Түркістан (317,1 млн. теңге немесе 15,8%), Алматы (236,6 млн. теңге немесе 11,8%) облыстарының кәсіпкерлері пайдаланды.
2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуіне бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етті. Осылай, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында «FORMATA Pro» (WOOD EXPERT) ЖШС 50 жұмыс орнын құрумен және қуаттылығы жылына 2,8 мың бірлік жиһаз өнімін құрайтын, инвестиция көлемі 632 млн.теңге жиһаз корпустарын және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіру бойынша жобаны іске қосты.
Осы жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысында «Квант» ЖШС жылына 22 мың бірлік өнім шығаратын, 100 жұмыс орнын құрумен құны 2 млрд.теңге жиһаз фабрикасының құрылысын аяқтады.
Сонымен қатар, Түркістан облысында «Alem Luxary» ЖШС инвестиция көлемі 300 млн.теңге, 15 жұмыс орнын құрумен және қуаттылығы жылына 5 мың жиһаз бұйымын құрайтын жиһаз фабрикасының құрылысын жүргізуде.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ