«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 2022 жылдың қаңтарында 25,2 млн теңге сомасына 4 өтінім бойынша қолдау көрсетті.
Өңірлік бөліністе өтінімдер Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының кәсіпорындарынан мақұлданды.
Салалық бөліністе машина жасау, металлургия және фармацевтика салаларының кәсіпорындарына қолдау көрсетілді.
QazIndustry өтінімдерді қабылдауды жалғастырып, онлайн форматта кеңес береді. 2020 жылғы қаңтарда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша бірқатар консультация өткізілді, сондай-ақ Нұр-Cұлтан қаласындағы «Goida.kz» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорында кездесу өткізілді.