«QazIndustry» АҚ «Төртінші өнеркәсіптік революция» құзыретін дамытуды бағдарлама аясында оқыту үшін серіктестерді іздеуде.

 

«QazIndustry» АҚ кәсіпорын өкілдерін оқыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді 2022 жылдың екінші тоқсанында жоспарлауда.

 

Индустрия 4.0. тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру,                  АТ-компаниялармен таныстыру, технологиялық шешімдердің қолжетімді ұсыныстары туралы хабардар болу, сараптамалық пікір алу және цифрлық трансформациялау құралдарын қолданудағы өнеркәсіптің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары туралы жалпы түсінік оқытудың негізгі мақсаты болып табылады.

 

Осыған байланысты цифрлық даму кезеңінің негізгі сәттерін қамтитын құзыретті дамыту бағдарламасы әзірленді.

 

Оқытуды жүргізуде серіктестер болғысы келетіндерге АТ-компанияларға экономиканың өнеркәсіптік секторының нысаналы аудиториясы ұсынылады және өз өнімдері мен қызметтерін жылжыту мүмкіндігіне кепілдік беріледі.

 

Ынтымақтастық мәселелері бойынша үйлестірушілерге хабарласуға болады:

Мухамедиев Дамир - Email: d.mukhamediyev@qazindustry.gov.kz тел. 8 707 291 0525;

Ермагамбетов Жанат - Email: zh.yermagambetov@qazindustry.gov.kz тел. 8 771 525 4848.