6 сәуірде QazIndustry қолдау құралдарын дамыту және мониторинг жүргізу орталығының директоры Арстанбек Сагиев Атырау қаласында өткен «Atyrau oil and Gaz» көрмесіне және «жергілікті қамтуды дамыту» форумына қатысты. Мұнда өңдеу өнеркәсібінің 130-дан астам кәсіпорны мен облыстың жеке кәсіпкерлері, соның ішінде ауылдар мен аудандар өз өнімдерін ұсынды. Оған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру мақсатында, Qazindustry қатысушыларды кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін шығындардың бір бөлігін өтеуді алу шарттары мен тәртібімен және қағидаға енгізілетін жоспарланған өзгерістермен/толықтырулармен таныстырды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7-8 сәуір аралығында Qazindustry өкілі Атырау облысының ҮИИДБ өкілімен бірге Атырау қаласы мен Индир аудан орталығының бірқатар кәсіпорындарын аралады:
- «Доктор Хаус» ЖШС (фармацевтикалық препараттар өндірісі бойынша);
- «Атыраумұнаймаш» ЖШС (мұнай-газ, мұнай-химия, мұнай өңдеу және құрылыс өнеркәсібі объектілері үшін күрделі ірі габаритті жабдықтар өндіру және шығару бойынша);
- «Sigma Solutions» ЖШС (электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру бойынша);
- «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС (талшықты-оптикалық кабель өндіру бойынша кәсіпорындарға барды);
- «Stadbold monofactoring» ЖШС (бекіту бұйымдарын өндіру бойынша);
- «Рауан Налко» ЖШС (мұнай-газ өнеркәсібіне арналған химиялық реагенттер өндіру бойынша);
- «РГК-Каспий» ЖШС (экструзионды геосинтетикалық материалдар өндірісі бойынша);
- «Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС (тоқылған геосинтетикалық материалдар өндірісі бойынша);
- «Intex steel» ЖШС (металл конструкциялары мен темірбетон бұйымдары зауыты);
- «Индир гипс» ЖШС (құрылыс гипсі, құрғақ құрылыс қоспалар өндірісі) – Индер ауданы;
- «ИСИ Гипс Индер» ЖШС (гипсокартон өндірісі, гипс тасын өндіру және қайта өңдеу) - Индер ауданы.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарды аралау шеңберінде QazIndustry өкілі олардың өндірісімен танысты, оның қорытындысы бойынша шығындар бойынша ұсынымдар берілді, олардың шеңберінде олар шығындардың бір бөлігін, оның ішінде шетелдік маманды тартуға, инженерлік-техникалық және өндірістік персоналды оқытуға, АБЖ енгізуге, Өндірістік жабдықты монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарына және т. б. байланысты өтемді ала алады.