ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде «QazIndustry» АҚ интернет-ресурсында өнеркәсіптік кәсіпорындарға енгізілетін цифрлық шешімдердің тиімділігін есептеу мақсатында «Цифрлық шешімдердің тиімділік калькуляторы» іске асырылды.
Ұсынылған тәсіл нәтижесінде тікелей/жанама пайданы бағалау және шешім қабылдау тиімділігіне талдау жүргізу үшін әлеуетті енгізілетін цифрлық шешімдердің тиімділігін дәйекті түрде есептеуге болады.
Цифрлық технологияларды және инновацияларды енгізу еңбек өнімділігін әлеуетті түрде жаңа деңгейге шығаруға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қабілетті. Алайда, оң динамиканы ескере отырып, цифрлық технологияларды енгізуді талап ететін жобаларды іске асыру әрдайым табысты болмайды, сондықтан, олар пробациядан және тестілеуден өтуі керек. Кәсіпорынды басқару процесіне цифрлық технологияларды енгізуге байланысты тәжірибелік міндеттерді шешу үшін олардың тиімділігін есептеу маңызды.
Калькуляторды төмендегі сілтеме бойынша пайдалануға болады: https://digital.qazindustry.gov.kz/efficiency-calculator