Qazindustry АТ-компаниялар мен стартаптарды ынтымақтастыққа шақырады

«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және эскпорт орталығы» АҚ «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау шеңберінде технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясына арналған ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ, іске асыру кезінде сүйемелдеу мақсатында ағымдағы жылғы 23-25 мамырда Батыс Қазақстан облысында (Орал қ.) 2 кәсіпорынға баруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты Qazindustry АТ-компанияларды өнеркәсіп субъектілеріне цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін ынтымақтастыққа шақырады.

 

Осы іс-шараға қатысу үшін A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz электрондық адресіне өтінім жолдау немесе Qazindustry жауапты қызметкеріне хабарласу (тел.: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі 1075), сот.: 8707 522 1495) қажет.