2022 жылдың 17-18 мамырында Қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу орталығы директорының орынбасары Гульнара Саукенова Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттарын түсіндіру мақсатында Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп Алматы қаласы мен Алматы облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында қатысушылармен Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының жаңа бағыттары, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеуді алу тәртібі және шығындарды өтеуге өтінімдерді қалыптастыру кезіндегі кететін қателіктер талқыланды.
Оған қоса, Qazindustry өкілі 17-18 мамыр аралығында өңірдің бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды: «Интер Мульти Сервис» ЖШС (картон қораптар, гофрокартон, гофроқаптаманы және кез келген басқа қаптама бұйымдарын дайындау бойынша өндіріс), «Казферросталь» ЖШС (шаршы дайындама өндірісі бойынша жаңа желі құру ('II кезең)), «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ (авиациялық техника жабдықтарын жөндеу жөніндегі өндірістік кешендер), «Viva Pharm» ЖШС (фармацевтикалық препараттарын өндіру), «Kazpolisnab» ЖШС (полипропиленнен шпагаттар мен жіптер өндірісі), «КМК Investment» ЖШС (кабель-сым өнімдерін өндіру), «Nobel» ЖШС (фармацевтикалық препараттар өндірісі).
Орталық директорының орынбасары жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың өндірісімен танысып, оларға шығындар бойынша ұсынымдар берді. Сондай-ақ, шетелдік маманды тарту, инженерлік-техникалық және өндірістік персоналды оқыту, АБЖ енгізу, өндірістік жабдықты монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарымен және т. б. байланысты өтемді алу шарттары бойынша толық ақпарат берді.