"Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" атты кезекті семинар

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ комплаенс-қызметі ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары шеңберінде 2022 жылғы 18 мамырда қоғамның транзит және логистика орталығында Zoom электрондық платформасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-оқыту өткізді.