«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында ағымдағы жылғы 30 мамыр – 1 маусым аралығында Қостанай облысының 2 өнеркәсіптік кәсіпорнына («Большевичка» ӨК және «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС) баруды жоспарлауда.
Жүргізілетін жұмыстар кәсіпорындардың ағымдағы жағдайын талдауды, жаңғырту процесінің нақты сипаттамасын, кезең-кезеңімен цифрлық жол карталарын, ұсынылатын отандық цифрлық шешімдердің пулын және мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларын қамтиды.
Бұдан басқа, алдағы уақытта әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды сүйемелдеуге жәрдем көрсетілетін болады.
Тігін бұйымдарын өндіру және сату «Большевичка» ӨК қызметі болып табылады, кәсіпорын жыл сайын 300 мыңнан астам кең ассортименттегі бұйымдар шығарады.
«Қостанай агромеханикалық зауыт» ЖШС Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық машиналары өндірісі бойынша ірі зауыт болып табылады. Зауыттың қуатты өндірістік базасы бар, оттегі станциясы, құю учаскесі, конструкторлық бюро, зертхана және ЕҚ бар, онда жоғары білікті мамандар жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әзірлейді.
АТ-компанияларды өнеркәсіп субъектілеріне цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін бірлескен сапарға шақырамыз.
Осы іс-шараға қатысу үшін A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz электрондық адресіне өтінім жолдау немесе Qazindustry жауапты қызметкеріне хабарласу (тел.: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі 1075), сот.: 8707 522 1495) қажет.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау шеңберінде ағымдағы жылы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары үшін 20 астам цифрлық стратегия әзірлеу жоспарлануда. Жоспарланған іс-шаралар мен көшпелі іс-шаралар кестесі қоса берілген (көшпелі іс-шаралар кестесі кәсіпорынның бастамасы бойынша өзгеруі мүмкін).