QazIndustry Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

1 маусым күні «QazІndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар салған суреттер қабырғаға ілініп, түрлі ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, QazІndustry басшылығы бүлдіршіндерді арнайы грамоталармен марапаттап, сыйлықтар таратты.