Цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындар үлесі көрсеткішінің серпіні
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі" көрсеткіші 2021 жылға 7%, 2022 жылға - 11% мөлшерінде айқындалған.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылы бұл көрсеткіш жоспарланған 7% - бен салыстырғанда 9,9% - ды құрады.
Өңірлік бөліністе Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қоспағанда, 17 өңірдің 15-інде цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындар үлесінің ұлғаюы байқалады, оларда көрсеткіштің тиісінше 0,4% - ға және 0,9% - ға төмендеуі байқалады.
2021 жылы өңірлер бөлінісінде "Цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі" көрсеткішінің серпіні
Дереккөз-QazIndustry, "ҚР СЖжРА АЕО" деректері негізінде
Өңірлер бөлінісінде 4 өңірде: Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындар үлесінің көрсеткішіне (7%) қол жеткізілмегені байқалады.
Өңірлер бөлінісінде 2021 жылы цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі
Қазіргі уақытта «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп «Цифрлық технологияларды пайдаланатын кәсіпорындарды есепке алу үшін ең төменгі мәнді түзету бөлігінде «Цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесін айқындау әдістемесіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
QazIndustry «Цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта кәсіпорындардың үлесі» көрсеткішіне қол жеткізбеу тәуекелдерін түсіндіру және статистикалық формасын толтырудың дұрыстығына қатысты (Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп», 3-информ формасы) әкімдіктермен және кәсіпорындармен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.