Шығындардың бір бөлігін өтеуге 139 өтінім түсті, оның ішінде:
- 12 өтінім бойынша өтеу туралы шешім қабылданды (2021 жылы мақұлданған 3 өтінімдерді ескере отырып);
- 102 өтінім бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды.
Өтеудің жалпы сомасы 47,2 млн. теңгені құрайды.
Ақпараттық-кеңестік іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы мамыр айында:
- индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (кіріс телефон қоңыраулары) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша 35 ауызша консультация өткізілді;
- QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары» тақырыбында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3 семинар өткізілді, сондай-ақ «Kazakh Export» АҚ және Astana Hub ұйымдастырған 2 вебинарға қатысты, барлығы 255 астам адам қатысты.
- Алматы облысында, Алматы қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында 18 кәсіпорынға барды: «Интер Мульти Сервис» ЖШС, «Казферросталь» ЖШС, «Вертолетный авиаремонтный завод 405» ЖШС, «КМК Investment» ЖШС, «Nobel» ЖШС, «Viva Pharm» ЖШС, «CLOT WELL» ЖШС, «Куаныш» ЖК, «Мимиорики» ЖШС, «Алматы Тұрмыстық техника» ЖШС, «Galanz Bottlers» ЖШС, «ЗСТ Казахстан» ЖШС, «DOLCE» ЖШС, «Avagro» ЖШС, «Мұнаймаш» АҚ, «Кірпіш СК» ЖШС, «Евразиан Милк» ЖШС, «Cool Infinity» ЖШС, «Радуга» ЖШС, «Северный фанерный комбинат» ЖШС.