2022 жылғы 3 айда жиһаз өнеркәсібі импортының көлемі 2021 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,4% өсуді көрсетіп, 97,7 млн АҚШ долл. құрады. Импорттық өнімді тұтыну көлемі заттай көріністе 44 мың тоннаны құрады (2021 ж. салыстырғанда +35%). Импорттың негізгі баптары ағаш жиһаз; жұмсақ жиһаз; ағаш каркаспен қапталған отыруға арналған жиһаз; жатын бөлмеге арналған ағаш жиһаз. Ішкі нарыққа жеткізуші елдер арасында негізгі импорт көлемін Ресей (40,4% - жалпы импорт көлеміндегі елдің үлесі) құрайды, Беларусь (29%), Қытай (11,1%), және Түркия (8,7%). Кесте - Жиһаз өнеркәсібінің 10 үздік тауарының 2022 ж. қаңтар-наурыздағы импорт көлемі, мың АҚШ долл.
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР Қаржымині МКК.
3 ай барлық позициялар бойынша импорттың ұлғаюымен, сондай-ақ, саяжай немесе жорықтық жиһазын қоспағанда, кереуетке айналдыруға болатын, отыруға арналған жиһаз
(3 659 мың АҚШ долл. дейін), өзге жиһаз және оның бөлшектері (3 463,3 мың АҚШ долл. дейін) сияқты жаңа позияциялардың пайда болуымен ерекшеленді.