QazIndustry "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбына семинар өткізді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Комплаенс-қызметі – Орталығы ұйым қызметкерлеріне арналған ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша 2022 жылғы 27 маусымда Өтінімдерді өңдеу және сараптау дирекциясында, Бизнесті ынталандыру дирекциясында және Экономика және қаржы орталығында Zoom электрондық платформа құралдарын пайдаланумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқу семинарын өткізді.