«Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясы үшін ұсынымдар әзірлеу мақсатында ағымдағы жылғы 8 – 12 тамыз аралығында Алматы қ. («Фирма «А-профиль» ЖШС, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС, «Novus Polymer (Новус Полимер)») ЖШС, Алматы облысының («ШИН-ЛАЙН» ЖШС), Жетісу облысының («Көксу қант зауыты» ЖШС) өнеркәсіптік кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.
Жүргізілетін жұмыстар кәсіпорындардың ағымдағы жағдайын талдау, жаңғырту процесін нақты сипаттау, кезеңді цифрлық жол карталары, ұсынылатын отандық цифрлық шешімдердің пулы және мемлекеттік ынталандыру құралдарының қолданыстағы шараларынан тұрады. Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіпорындарға әзірленген цифрлық стратегияларды іске асыру кезінде сүйемелдеуге жәрдем көрсетілетін болады.
АТ-компанияларды өнеркәсіп субъектілеріне цифрлық шешімдер енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін бірлескен сапарға қосылуға шақырамыз.
Көшпелі іс-шараларға қатысу туралы өтінімдер 2022 ж. 29.07. дейін қабылданады.
Қатысу туралы өтінімдер жіберу үшін байланыс:
e-mail: A.Mukushkin@qazindustry.gov.kz,
тел.: 8 (7172) 79-33-90 (1075),
сот.: 8707 522 1495.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау шеңберінде ағымдағы жылы өнеркәсіптік сала кәсіпорындары үшін 20-дан астам цифрлық стратегия әзірлеу жоспарлануда.