«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің CDO қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен топ-менеджерлерін ағымдағы жылғы 16 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтетін цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыттары бойынша тегін оқу вебинарларына қатысуға шақырады.
Индустрия 4.0 тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру, цифрлық технологиялар енгізу, сараптамалық пікір алу және цифрлық трансформация құралдарын қолданудағы өнеркәсіптің өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ, өнеркәсіпті цифрландыру бағыты бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат беру оқу вебинарларының негізгі мақсаты болып табылады.
Вебинарлар өткізу барысында халықаралық және отандық компаниялардың өкілдері өндірістік ортаға цифрлық шешімдер енгізу тәжірибесімен бөліседі, табысты кейстер мен алынған нәтижелер туралы айтады.
Оқу мастер-кластары бейнеконференция форматында (Zoom платформасында) өтеді.
Вебинарларға тіркелу үшін https://forms.gle/1TAEBJjadYSK6MFL9 сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.
Өткізілетін вебинарлар кестесі:
№ р/с |
Оқу тақырыптары |
Қысқаша сипаттама |
Оқыту ұйымы |
Өткізу мерзімі |
1 |
«Цифрлық ойлау және бизнес-трансформация» |
Цифрлық трансформацияға кіріспе, озық тәжірибелерді көрсетумен өнеркәсіп және цифрлық трансформациядағы негізгі ұғымдар мен технологияларды анықтау |
«SIEMENS» ООО |
16.08.2022ж. 15:00 |
2 |
«Кәсіпорындардың цифрлық жетілуін бағалау» |
Құндылықтар құру тізбегінің модельдері арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық жетілу ұғымын анықтау |
«Атамекен» ҚР ҰКП, АКТ, білім беру және инновация комитеті |
19.08.2022ж. 15:00 |
3 |
«Кәсіпорындардың инновациялық мәдениеті. Қызметкерлердің цифрлық құзыреттері» |
Цифрлық кәсіпорынға көшу кезінде басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің құзыреті туралы
|
«Атамекен» ҚР ҰКП, АКТ, білім беру және инновация комитеті |
22.08.2022ж. 15:00 |
4 |
«Клиентке бағдарланған сервис» |
Дайын отандық платформаларда көрсетумен, цифрлық стратегия және цифрлық шешімдер арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың клиенттермен тиімді жұмыс істеу әдістері |
«findexIT» ЖШС |
25.08.2022ж. 15:00 |
5 |
«Өндірістік қызметкерлерді оқытуға арналған цифрлық технологиялар» |
Виртуалды және толықтырылған шындықты қолдану арқылы тәжірибе мен білімді сақтау, оқыту әдістері |
«SIEMENS» ООО |
02.09.2022ж. 15:00 |
6 |
«Кәсіпорынның цифрлық қауіпсіздігі» |
Ақпараттық ортаның цифрлық трансформациясы жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ақпаратты қорғаудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолдану тәжірибесі, ақпаратты қорғау жүйесін құру бойынша тәжірибелік ұсынымдары |
«JK and Partners» ЖШС |
06.09.2022ж. 15:00 |
7 |
«Өндірістік АТ жүйеге өнеркәсіптік заттар интернеті технологиясын енгізу » |
Технологияларға өнеркәсіптік заттар интернетін енгізу және оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу
|
«SIEMENS» ООО |
09.09.2022ж. 15:00 |
8 |
«Өнеркәсіптік роботтарды нақты мысалдармен енгізу » |
Өнеркәсіптік робототехниканың нақты мысалдардағы негізгі технологиялық трендтері |
«КААР» ЗТБ |
12.09.2022ж. 15:00 |
9 |
«Мемлекеттік ынталандыру шаралары» |
Мемлекеттік ұйымдар тарапынан өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпарат
|
«Даму» КҚҚ» АҚ «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ |
14.09.2022ж. 15:00 |
10 |
«Өндірістік АТ-жүйеге Big Data енгізу» |
Big Data енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған Big Data талдау платформасын енгізу артықшылықтары |
Datanomix.pro |
16.09.2022ж. 15:00 |
11 |
«Өндірістегі кайдзен» |
Бағдарлама «Өндіріс жұмысының тиімділігін қалай арттыруға болады?», «Ақауларды қалай қысқартуға болады?», «Еңбек өнімділігін қалай арттыруға болады?», «Апаттар мен жарақаттар санын қалай азайтуға болады?», «Өндірісте маржиналдыдықтың жасырын шығынын қалай табуға болады?» деген сұрақтарға жауап береді |
23.09.2022ж. 15:00 |
|
12 |
«Өндірістік АТ-жүйеге цифрлық телқосақ технологиясын енгізу» |
Өндірістің цифрлық телқосақтар – ішкі процестері мен техникалық сипаттамалары |
«SIEMENS» ООО |
27.09.2022ж. 15:00 |
13 |
«Өндірістік АТ-жүйеге жасанды интеллект технологиясын енгізу» |
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған жасанды интеллекттің негізгі ұғымы мен технологиялары |
«SIEMENS» ООО |
30.09.2022ж. 15:00 |