2022 ж. 26 тамызда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан өнеркәсібі мен энергетикасындағы ақпараттық технолгияларға арналған «Profit Industry & Energy Day 2022» алтыншы республикалық конференциясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Цифрлық трансформациялау дирекциясының басшысы Лаура Жуманалиева спикер ретінде сөз сөйлейді.
Баяндама өнеркәсіптік кәсіпорындардың проблемаларына, олардың цифрлық шешімдер бойынша негізгі сұрауларына арналады.
Іс-шара аясында «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ цифрлық стратегиялар әзірлеу және өндірістік процестерге цифрлық шешімдер енгізу бөлігінде қазақстандық өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға ықпал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарының аралық қорытындылары жасалады.
Анықтама: Ағымдағы жылы «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ Цифрлық трансформациялау дирекциясының өкілдерімен технологиялық процестерді цифрландыру стратегиясына арналған ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілетін жұмыстар кәсіпорындарға бару, ағымдағы жағдайды талдау, жаңғырту процесін нақты талдау, кезеңдік цифрлық жол карталары, ұсынылатын отандық цифрлық шешімдердің пулы және қолданыстағы мемлекеттік ынталандыру шараларынан тұрады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта кәсіпорындарға әзірленген цифрлық стратегиялар шеңберінде ұсынылған жобаларды іске асыру кезінде сүйемелдеуге көмек көрсетілетін болады.
«Profit Industry & Energy Day 2022» конференциясы 2022 ж. 26 тамызда Нұр-Сұлтан қ., Сауран көшесі, 46, Hilton Astana мекенжайы бойынша өтеді.
Іс-шара форматы – гибридті.
Іс-шара бағдарламасы және тіркелу нысаны конференция сайтында (https://profitday.kz/industry) қолжетімді.