Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну шарттары мен
механизмдерін түсіндіру мақсатында 2022 жылғы 05 тамызда Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сағиев өнеркәсіптік кәсіпорындарына, WhatsApp (243 қатысушы) және Telegram (596 қатысушы) мессенджерлері қатысушыларына арналған «QazIndustry» АҚ мемлекеттік ынталандыру шаралары тақырыбына вебинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында «QazIndustry» АҚ өкілі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 01 маусымдағы № 308 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағида) шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шарттары мен механизмдері туралы айтты.
Қағидаға сәйкес 2022 жылғы 06 тамыздан бастап ынталандыру шараларын Басым тауарлар тізбесіне («Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы» ҚР ИИДМ 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығы) сәйкес келетін шағын және орта бизнес субъектілері қолдана алады, акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда ) тікелей немесе жанама түрде тиесілі субъектілерге қолданылмайды.
«Цифрлық технологиялар енгізу шығындарын өтеу» жаңа құралы шеңберінде автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге және/немесе енгізуге байланысты 40% бастап 50% дейінгі шығындар өтелетіндігін атап өтен жөн, соның ішінде, Индустрия 4.0. технологиясын (элементтерін) енгізу шығындарын қоса алғанда, лицензиялық бағдарламалық қамту сатып алу, бұл ретте, шығындардың 50% бағдарламалық қамтуды әзірлеу, енгізу және сатып алу шығындары бойынша қызметтерді, жұмыстарды және тауарларды жеткізуші отандық қызметтер мен жұмыстар өндіруші болып табылатын әлеуетті өтінім берушілер ала алады, сатып алынған бағдарламалық қамту электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтудың сенім білдірілген өнімінің тізілімінде болуы тиіс.
Сондай-ақ, шығындарды өтеу туралы өтінімдер қалыптастыру кезіндегі өтініш берушілердің жиі кездесетін қателері талқыланды, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Анықтамалық: «QazIndustry» АҚ Қазақстандық индустрия және эспорт орталығы» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі операторы болып табылады және төмендегі шығындарды өтейді:
1) кәсіпорын құзыретін арттыру шығындарын өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетел мамандарын тарту);
2) технологиялық процестерді жетілдіру шығындарын өтеу (тех және энергия аудит, промдизайн, шеф-монтаж және іске қосу, техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т.б);
3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру шығындарын өтеу (басқару және өндірістік технологиялар енгізу, АСУ, Kaizen, Kanban);
4) цифрлық технологиялар енгізу шығындарын өтеу (автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеу және енгізу, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу).
Өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүргізіледі.