QazIndustry Алматы қ., Алматы және Жетісу облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдеріне арналған шебер сағатын өткізеді

11 тамызда сағ. 09:00 «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ SmArt.Point алаңында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдеріне арналған цифрлық трансформация және Индустрия 4.0 бағыты бойынша отандық АТ-компаниялардың қатысуымен шебер сағаттарын өткізеді.

Индустрия 4.0 тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру, технологиялық шешімдердің қолжетімді ұсыныстары туралы ақпараттылық, сараптамалық қорытынды алу және цифрлық трансформациялау құралдарын қолдануда өнеркәсіптің өзекті проблемаларын талқылау, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары туралы жалпы түсінік іс-шараның мақсаты болып табылады.

 

Өткізу орны: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО, Amphitheatre залы.